ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ CHEVROLET АВТОКӨЛІКТЕРІНІҢ САТЫЛА БАСТАЛУЫ

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ CHEVROLET АВТОКӨЛІКТЕРІНІҢ САТЫЛА БАСТАЛУЫ

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ CHEVROLET АВТОКӨЛІКТЕРІНІҢ САТЫЛА БАСТАЛУЫ

 

«УзАвтоМоторс» АҚ қазақстандық серіктес «СарыаркаАвтоПром» ЖШС мекемесімен бірге ЖШС «Keles Distribution» ЖШС жеке сауда желісі арқылы Chevrolet автокөліктері сатылымының басталуы туралы жариялады.

 Бірінші кезеңде Қазақстан Республикасындағы дилерлік желіге жолаушылар автокөліктері арасындағы Chevrolet брендінің флагманы болып табылатын болып табылатын Malibu автокөлігі, сондай-ақ Cobalt және Nexia жаңартылған үлгілері, Damas минивэні, Labo жүк тасығышы және Trailblazer кроссовері келіп түсті.

Қазақстанда Damas және Labo автокөліктері Chevrolet брендінің өзге үлгілері арасында алдын-ала тапсырыс бойынша көшбасшы екендігін жеке атап өткен жөн.  Бұл автокөліктер орын алған қиын жағдайда тауарларды жеткізу саласында пайдалану үшін үнемді әрі қызметті автокөлікті қажет ететін, ШОБ кәсіпорындары арасында жоғары сұранысқа ие екендігімен айрықшаланады. 

 Сәуір айының соңында ҚР нарығында Chevrolet Tracker үлгісінің ресми шығарылуы жоспарланған.

 «Қазақстанда өндірілген Chevrolet әрбір автокөлігі, біз артқан сенімі мен серіктестігі үшін алғыс айтатын General Motors компаниясының халықаралық сапа стандарттарына қатаң сәйкес келеді», - деп атап өтті «СарыаркаАвтоПром» ЖШС Директоры Семейбаев С.С.

 С.С.Семейбаевтың айтуынша, General Motors автокөліктер қатарын презентациялаудан бастап сервистік қызметтерді көрсетуге дейінгі жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және клиенттерге қолдау көрсетуге бағытталған, дилерлерді оқыту және тәжірибесінің жоғары деңгейіне айрықша көңіл аударады.

 Chevrolet бренді моделінің көп бөлігі мемлекеттік жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасының қатысушысы болып табылады, бұл Қазақстандықтарға тиімді шарттарда Chevrolet автокөліктерін сатып алуға мүмкіндік береді.

Өтініш қалдыру