Кепілдік

Кепілдік

Chevrolet автокөліктеріне кепілдік

Chevrolet көлігінің иесі бола отырып, сіз бізге толықтай сене аласыз. Біз автомобильдердің сапасына сенімдіміз және сіздің көлігіңізді басқарған әрбір сәттен ләззат алғаныңызды қалаймыз.

Біз Chevrolet көліктерінің сапасына сенімдіміз және сіздің көлігіңізді басқарған әрбір сәттен ләззат алғаныңызды қалаймыз.

Chevrolet автокөліктерінің кепілдік мерзімі-Chevrolet уәкілетті дилері жаңа көлікті сатқан күннен бастап 3 жыл немесе не болатынына байланысты 100 000 км жүгіру, бірақ алғашқы 2 жыл ішінде жүгіріс шектеусіз.

1. Автомобильді пайдаланудың кепілдік мерзімі сервистік (кепілдік) кітапшада жазылған Дайындаушы ретінде Сатушының шарттарына сәйкес белгіленеді және есептеледі және Сатып алушымен Автомобильді қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап, сондай-ақ сервистік (кепілдік) кітапшаның кепілдік тіркеу талонында 100 000 км аспайтын кепілдік жұмыс істеген кезде тиісті белгі қойылған күннен бастап (қайсысы ерте орын алғанына байланысты) 36 айды құрайды. Дайындаушының кепілдігі оны ұзарту құқығынсыз беріледі. Кепілді жөндеу жүргізу әдістерін Chevrolet ресми дилері жөндеу жұмыстарын жүргізу регламентіне сәйкес дербес анықтайды. Кепілдік жөндеу шеңберінде ауыстырылған бөлшектер дайындаушының меншігіне өтеді. Кепілдік Сатып алушы сервистік (кепілдік) кітапшада және автомобильді пайдалану жөніндегі басшылықта жазылған пайдалану және күту ережелерін сақтаған жағдайда жарамды. Сатушы/Қосалқы агент қосымша жабдықты (қорғау жүйелерін, аудиожүйелерді, камераларды, шуды оқшаулау және т.б.) орнатуға/монтаждауға жұмыс орындалған күннен бастап 1 (бір) ай кепілдік береді.
2. Төменде аталған Автомобильдің құрамдас бөліктеріне ұзақтығы аз кепілдік мерзімі белгіленеді: - Автомобильді бірінші сатып алушы қабылдаған күннен бастап 12 айдан аспайтын пайдалану мерзімі кезінде 20 000 км-ден аспайтын жүріске, қайсысы бұрын орын алатынына байланысты: • пайдаланылған газдарды шығару жүйесінің бөлшектеріне (каталитикалық бейтараптандырғыштан басқа); • оттегі сезбектеріне; • декоративті жабыны бар шанақ бөліктеріне (шанақтың молдингі, радиатор торының қаптамасы, жапсырманың әртүрлі түрі); • алюминий қоспаларынан жасалған бөлшектердің (шатырға доғалар, айналар, шыны тазалағыш тетіктері)лак-бояу жабынына; • аккумулятор батареяларына; • тежегіш қалыптарға; • тежегіш дискілер мен барабандарға; • қозғалтқыштың аспалы агрегаттарының жетек белбеулеріне; • резеңке тозаңдықтарына, қаптамалар мен төлкелерге, есіктердің, жүксалғыштардың тығыздағыштарына • сәндік қалпақтар мен доңғалақ дискілерінің лак-бояу жабынына;
3. Кепілдік мыналарға қолданылмайды: • қалыпты пайдалану кезінде пайдаланылатын не тозуға және бұзылуға ұшырайтын шығынды майлау материалдары, өзге де элементтерге; • барлық түрдегі сүзгілерге; • тұтандыру шамдарына; • бекітілген тіркеме дискісіне; • әйнек тазалағыштардың щеткаларына; • балқитын сақтандырғыштарға; • қыздыру шамдарына; •Автомобильдің немесе оның жекелеген элементтерінің сипаттамалары мен жұмыс қабілеттілігіне әсер етпейтін акустикалық қолайсыздық санатына жататын бөгде дыбыстарға, шуға, дірілге; •май шығысына әсер етпейтін сальниктер мен тығыздағыштар аймағындағы май дақтарының (ерітінділердің) пайда болуына. * Табиғи сипаттағы тозу - қоршаған ортаның қалыпты әсері немесе тозу нәтижесінде бөлшектің (тораптың немесе агрегаттың) жарамдылығының азаюы. Бөлшектің (тораптың немесе агрегаттың) тозу қарқындылығы және қызмет ету мерзімі бөлшекті (тораптың немесе агрегаттың) пайдалану шарттарына (жүктемелер мен олардың сипаты, температура мен ылғалдылық, экологиялық жағдай және т.б.), сондай-ақ бөлшектің дайындалу материалына, осы басылымда және Автомобильді пайдалану жөніндегі нұсқаулықта баяндалған Автомобильді пайдалану ережелері мен шарттарын уақтылы және толық сақтауға байланысты.

Автомобильді қалыпты жағдайларда пайдаланған шартымен және Сервистік кітапшада көрсетілген мерзімдерде тұрақты тексерулер мен техникалық қызмет көрсетуді орындаған жағдайда, егер осы жұмыстарды орындаудың құжаттамалық растамасы болса, ал тоттану өндірістік ақаулардың салдарынан пайда болып, яғни ол өндіруші қолданған лак-бояу қабатының астынан басталып, түпкілікті зақымға әкелген болса, Өндіруші 3 жыл ішінде коррозиядан зақымдалған шанақ элементтерін тегін жөндеуге міндеттеме ала отырып, 3 жылдық кепілдік береді. Бұл кепілдік пайдаланылған газдар шығару жүйесінің беттерінің, еден панельдерінің және шасси бөлшектерінің коррозиялық зақымдану жағдайларына қолданылмайды және авария кезінде зақымдану, сыртқы зақымдану, фирмалық қосалқы бөлшектер болып табылмайтын бөлшектерді орнату нәтижесінде немесе автомобильдің пысықталуы салдарынан тоттану басталған жағдайларда қолданылмайды. Назар аударыңыздар! Тоттанудың кез келген көріністері туралы Chevrolet ресми дилеріне дереу хабарлау қажет. Осы кепілдік аталған шарттарды ескермеген жағдайда жөндеу құнын өтемейді. Шанақтың лак-бояу жабыны және түбінің тоттануға қарсы жабыны Өндіруші ұйғарған әдістемелерге сәйкес техникалық қызмет көрсету шеңберінде зақымданулардың болуына тексерілуге тиіс. Автокөлік иесіне анықталған зақымдар және оларды жою шаралары туралы хабарланады. Барлық анықталған зақымдар Автомобильді маусымдық тексеру парақтарында тіркеледі. Анықталған ақауларды Chevrolet ресми дилері дереу жоюы тиіс. Кепілдік кезеңі аяқталғаннан кейін жыл сайынғы техникалық қызмет көрсетуге қарамастан көзбен шолуды жүзеге асыру ұсынылады. Назар аударыңыздар! Тоттанудан қорғау үшін техникалық қызмет көрсету жеке ақыға орындалады. Тексеру нәтижелері маусымдық қарау парақтарында жүріс және қарау күні көрсетіле отырып тіркеледі. Жазбалар тексеруді жүргізген дилердің қолымен және мөрімен расталады. Түптің шанағы тоттануға ұшыраған жағдайда кепілдік шағым-талаптарды ұсынуда қиындықтарды болдырмау үшін осы мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Автомобиль шанағының элементтеріне кепілдік қызмет көрсету құқығын сақтау үшін авторландырылған дилер 6 айда кемінде бір рет автомобильді тексеруді орындауы қажет (тексеруді клиент төлейді). Автомобильді пайдалану кезінде пайда болған, дилер тексеру барысында тапқан шанақтың ақауларын жою ақылы түрде жүргізіледі. Назар аударыңыздар! Автомобильдің Тоттануға қарсы Кепілдігі бойынша жөндеу кепілдік мерзімін ұзартуға әкеп соқпайды.

2-тармақта көзделген Тауарлар мен жағдайларды қоспағанда, түпнұсқалық қосалқы бөлшектер мен аксессуарларға автомобильге түпнұсқалық қосалқы бөлшек немесе аксессуарлар орнатылған сәттен бастап 12 айға немесе 20 000 км жүріске, қайсысы бұрын орын алатынына қарай, кепілдік мерзімі белгіленеді. Түпнұсқалық қосалқы бөлшектер мен аксессуарларға кепілдік, жиынтықтаушы бұйымды немесе негізгі тауардың құрамдас бөлігін ауыстыру жағдайларын қоспағанда, кепілдік бойынша жаңа автомобильдің кемшіліктері жойылған кезде қолданылады.
1. Қосалқы бөлшектерге кепілдік оларды Chevrolet ресми Дилерлерінен сатып алған және орнатқан жағдайдағана беріледі. Сатып алушының кепiлдiк мiндеттеменi орындауды тек сатып алған және қосалқы бөлшекті орнатқан Дилерден ғана талап ете алады.
2. Қосалқы бөлшектер мен аксессуарларға кепілдік берілмейтін мән-жайлар.
2.1. Кепілдік қалыпты (табиғи) және пайдалану тозуы бар қосалқы бөлшектерге, атап айтқанда мынадай тізбеге қолданылмайды: • ауа сүзгісіне; • май сүзгісіне; • отын сүзгісіне; • жетекті белбеулерге; • от жағу шамдарына; • тіркеме дискілеріне; • дөңгелекті дискілерге; • тежегіш қалыптарға; • тежегіш дискілер мен барабандарға; • шыны тазалағыш щеткаларына; • балқитын сақтандырғыштарға; • барлық үлгідегі шамдарға; • электр қозғалтқыштарының щеткаларына; • кондиционер салқындатқышына; • майлар, техникалық сұйықтықтар және басқа да майлау материалдарына.
2.2. Мынадай жағдайларда оларға қатысты кепілдік мерзімі белгіленген қосалқы бөлшектерге кепілдік берілмейд: • Тауардың қалыпты (табиғи) және пайдалану тозуына; • ЖКО немесе ұқыпсыз/тиісінше емес пайдалану нәтижесінде қосалқы бөлшектің бүлінуіне; • Сатып алушының сапасыз отынды қолдануы салдарынан (оның ішінде ластануы немесе сапасы лайықсыз жанармайды қолдануы салдарынан) отын жүйесі мен шығару жүйесіне жататын қосалқы бөлшектің ақаулығына; • автомобильге соғу жүктемесімен байланысты жолдардың тегіс емес жерлерінде ұқыпсыз жүргізілуінен туындаған зақымдануларға (оның ішінде аспалар, рульдік басқару), сол сияқты Chevrolet ресми Дилерінен сатып алынған тауар техникалық түрде өзара байланысатын автомобиль тораптары мен агрегаттарында кешенді жөндеудің болмауы; • тауардың бұзылуына әкеп соқтырған сыртқы механикалық зақымдануларға; • автомобильдің немесе оның элементтерінің сапасына, сипаттамасына немесе жұмысқа қабілеттілігіне әсер етпейтін елеусіз ауытқуларға (мысалы, аздаған шу, сықыр, шиқыл немесе діріл); • өнеркәсіптік және химиялық шығарындылардың, ауаның қышқылмен ластануы, өсімдік шырынының, құстар мен жануарлардың тіршілік ету өнімдерінің, химиялық белсенді заттардың, оның ішінде жолдардың мұздануына, бұршаққа, найзағайға және басқа да табиғи құбылыстарға қарсы күрес үшін қолданылатын заттардың әсері нәтижесінде пайда болған ақауларға, бұзылуларға немесе тоттануға; • автомобильдің жүріс бөлігінің жұппен ауыстырылмаған бөлшектеріне (серіппелер, амортизаторлар, тұрақтандырғыш тіреулері); автомобильдің бір осіне 2 (екі) данадан кем мөлшерде және қорғаныш жиынтықтары алмастырылмай ауыстырылған амортизаторларға.

 
Өтініш қалдыру
Өтініш қалдыру