ADD alt

Malibu

15 990 000 ₸ бастап
520 л.

Жүк бөлімінің көлем

5

Кең салон

6 АКПП

Сипаттамалары туралы толығырақ

8

Қауіпсіздік жастығы

233 а.к.

Максималды қуаттылығы

НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Malibu – бұл ымыраға көнбейтін автомобиль. Бұл тамаша спорттық дизайны бар мықты седан.

Malibu
Malibu
Malibu
Malibu
Өз түсіңізді таңдаңыз * түстің бар-жоғын Сіздін дилерінізден сұраңыз
15 990 000 ₸ бастап Несие бағдарламалары үшін қол жетімді

 

Дизайнерлер Malibu түрімен жұмыс істеген кезде модельдің экстерьеріне барынша агрессивті күш беруге талпынды. Сынған сызықтар мен иілістердің болуы седанға серпімділік береді және оны ерекше тартымды етеді. Malibu радиаторының оңай тануға болатын қосарланған фирмалық торы енді автомобильге жыртқыштың әсемдігін беретін едәуір жіңішке негізгі жарықдиодты оптикамен жабдықталған.

Шанақтың бүйіріндегі бедерлі қалыптамалар артқы бөлігімен бірге көп жағдайда Impala седанымен ұқсас, ал жалпы шанақ элементтерінің көпшілігі аты аңызға айналған Camaro-мен ұқсас. Бұл ретте, жеке шанақ бөлшектерін мұқият пысықтау есебінен әдемі аэродинамикалық көрсеткіштерге қол жеткізілді. Қазақстан нарығында автокөлік 3 түспен (маржандай ақ, ақшыл сұрғылт және қара) ұсынылады.

Интерьер дизайнында жоғары сапалы материалдар қолданылған. Орталық консольдегі батырмалардың қолайлы ең аз жиынтығы болса да седанға аспаптардың жаңа панелі мен руль дөңгелегі орнатылған. Орталық консольдің орта тұсында MyLink моделіндегі ойын-сауық-ақпараттық кешенінің диагоналі  7-дюймдік Touch Screen орналасқан. Ал, жүргізуші үшін бүйірінен тірегі бар  жақсартылған кең орын қарастырылған.

Артқы жолаушыларға қосымша 33 мм бос кеңістік берілген, соның есебінен саяхаттау әлдеқайда жайлы бола түсті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан Malibu сатып алушылар өкінбейді. Жинақтамада 8 қауіпсіздік көпшігі, телескопиялық руль бағаны, сондай-ақ қауіпсіздік жүйесі: беткейде автоматты түрде тежеу, автоматты круиз-бақылау, трэкшн-бақылау (бос айналуға қарсы жүйе) және тұраққа қоюдың алдыңғы және артқы датчиктерінің арқасында жеңілдетілген тұраққа қою секілді қызметтер қарастырылған.

 

Өтініш қалдыру