Жүк салатын бөлігі
400/980 л.
Жүк салатын бөлігінің көлемі
Сыйымдылығы
5
Кең салон
Жаңартылған
Ойын-сауық жүйесі
Трансмиссия
5АКПП
Сипаттамалары туралы толығырақ
Қауіпсіздік
2
Қауіпсіздік көпшігі

НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Nexia – кез келген жасқа арналған автокөлік. Техникалық сипаттамаларының  әмбебаптығы, классикалық дизайны, салонның жайлылығы, басқару жеңілдігі – автомобильдің осы және басқа да көптеген артықшылықтары оны кез келген жастағы жүргізуші жасайтын ең жақсы таңдауға айналдырды. Nexia – қалаға арналған  мінсіз автокөлік. Автокөліктің тамаша сапасы мен заманауи дизайнының арқасында ол қалалық жағдайға мінсіз сәйкес келеді. Ыңғайлы және қарапайымдылығы тәжірибелі жүргізушіні ғана емес, рульге жаңадан отырған адамдарды да таң қалдырады. Ал, автокөліктің динамикалық дизайны оны кез келген қалалық ағында ерекшелейді. Nexia – қозғалыс әсемдігі. Жиектері мен пішінінің үйлесімі – бұл стиль мен жайлылық үйлесімін лайықты бағалай алатындар үшін жасалған автокөлік. Автокөлікті басқарудан сүйсіну сезімі сіз үшін сапар мақсатынан да маңызды болады. Біздің автомобильдің сенімділігі мен жайлылығы Сізге әрі қарай сапарда қажет болып қана қоймай, сонымен қатар Сіздің саяхатыңызды ұмытылмастай етеді. Салонның интерьерінде іске асырылған инновациялық идеялар Сізді алыс жерлерге саяхаттауда, сондай-ақ қала сыртындағы пикникте де қуантады. Автомобильдің тамаша сапасы мен заманауи дизайны оны кез келген жағдайда мінсіз етеді. Достарыңызбен кездесу, дүкен аралау немесе пикникке шығу – кез келген жағдайда біздің автокөлік барлығының Сізге назар аударуына мүмкіндік береді.

Өзіңізге қажетті түсті таңдаңыз

* Өзіңіздің дилеріңізден қандай түстердің барын нақтылаңыз

От 3 690 000₸

Доступно по программе льготного кредитования

img-car

Экстерьер

 

 

Nexia дизайнына тұманға қарсы жіңішке фаралар мен радиатордың хромдалған торы айқын ерекшелік береді. Nexia тиімділігіне құйма алюминий дискілер (15 дюйм) қосылады. Жаңа «Nexia-ның» басқа түрлері қалыпталған болат дискілермен: Comfort – 14-дюймдік; Optimum – 15-дюймдік дискілермен жабдықталған. 

 

 



 

Базалық модельдің бүйір айналары қара түсті, ал қалғандары – шанақтың түсімен бірдей. Барлық жинақтамаларда бамперлері де шанақтың түсімен бірдей. Автомобильдің ең қымбат түрінде алдыңғы фараларда бұрылыс көрсеткіштерінің бүйірде екінші нұсқалары бар.

 

Интерьер

 

Осы автокөліктің салонында Сіз өзіңізді барынша жайлы сезінесіз және қауіпсіздігіңізге сенімді боласыз. Nexia тиімділігі мен функционалдығын                         ұсақ-түйекке дейін ойластырылған жарық жүйесі толықтырады. Ал, тамаша эргономиканың арқасында, біздің автокөлікпен жасалған кез келген сапар барынша ыңғайлы болады.

 

Nexia – тартымды келбеті мен жайлы кең соланы үйлестірілген шағын кластағы ең сәнді және қол жетімді автомобильдердің бірі. Ол жоғары технологиялық қауіпсіздік жүйесімен оңай басқарылады. Ішкі бөлігін безендірудегі сапалы материалдар ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Сыйымды жүк салатын бөлігі сапарға қажеттінің барлығын өзіңмен бірге алуға мүмкіндік береді. Nexia-да белсенді және енжар заманауи қауіпсіздік жүйесі қарастырылған, оған жүргізуші мен жолаушыға арналған екі қауіпсіздік көпшігі, бұғаттауға қарсы жүйе, ISOFIX балалар креслосына арналған бекіткіш кіреді. Шанақ конструкциясында бағдарламаланған өзгеру элементтері енгізілген.