Бөлісу
«Қазақстанның Автокөлік Одағының» деректеріне сәйкес, 2025 жылдың шілде айында Қостанайдағы Allur зауытында өндірілетін Chevrolet бренді Қазақстан автонарығында сату көлемі бойынша бірінші орынға шықты.
Шілде айында жалпы 4048 автокөлік сатылды. Оның ішінде ең көп үлесті Chevrolet Cobalt моделі қамтамасыз етті – 3417 дана. Бұл көрсеткіш оған басқа моделдер арасында да ең көп сатылған модель көшін бастап, брендтер арасындағы рейтингіде де Chevrolet бреіндін бірінші орынға жайғасуына септігін тигізіп отыр.
«Ел бойынша бірінші орын алу – бүкіл командамыздың, серіктестеріміздің және клиенттеріміздің сенімінің нәтижесі. Біз Chevrolet автокөліктерінің қазақстандықтар үшін нөмір бірінші таңдау болғанына мақтанамыз және модель қатарын дамыту, дилерлік желіні кеңейту және сатып алу шарттарын жақсарту бағытындағы жұмысымызды жалғастырамыз», – деді Chevrolet Kazakhstan дистрибуция директоры Марк Ножненко.
Қазақстан нарығына арналған барлық Chevrolet моделдерінің өндірісі, соның ішінде Cobalt, Onix және Tracker Қостанайдағы Allur зауытының қуатында жүзеге асырылады. Кәсіпорын заманауи жабдықтармен жабдықталған және General Motors технологиялары бойынша жұмыс істейді. Бұл тұрақты жинақ сапасын қамтамасыз етіп, өңірдегі машина жасау секторының дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.
Нарық қатысушыларының айтуынша жоғары сатылым деңгейіне үлгілердің танымалдығы ғана емес, сонымен қатар «Өзара пайда» бағдарламасы аясында ұсынылған арнайы ұсыныстар да әсер етті.
Шілде айында автокөліктер келесі бағамен ұсынылды:
Cobalt – 6 490 000 ₸ бастап
Onix – 7 490 000 ₸ бастап
Tracker – 10 240 000 ₸ бастап
Шілдедегі нәтижелер Chevrolet автокөліктеріне Қазақстандағы тұрақты сұранысты растайды. Жергілікті өндіріс, қолжетімді баға және өңірлерде кеңінен ұсынылуы брендке нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтауға және жаппай үлгілер сегментіндегі үлесін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Тағы да жаңалықтар