ҚАЗАҚСТАНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕР ӨНДІРІЛЕ БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕР ӨНДІРІЛЕ БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕР ӨНДІРІЛЕ БАСТАДЫ

Қостанайдың машина құрастырушылары көшелерді дезинфекциялау және стерилдеуге арналған жүйемен жабдықталған автокөліктердің өндірісін ретке келтірді, деп хабарлайды «СарыаркаАвтоПром» ЖШС баспасөз қызметі.

Үстіміздегі жылдың 28 наурызында ҚР Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен «СарыаркаАвтоПром» ЖШС отандық Chevrolet өндірісі ашылды. Ұсынылған желінің ішінде айрықша назар шағын және орта бизнес үшін арналған Damas минивэніне және Labo коммерциялық автокөлігіне бөлінген. Бұдан өзге, аталмыш автокөліктер ел нарығында ең қолжетімді көліктер ретінде мойындалған.

«Елімізде орын алған төтенше жағдайды назарға ала отырып, компанияда көшелерді дезинфекциялау және стерилдеу жүйесі бар Labo алғашқы автокөліктерін жабдықтау туралы шешім қабылданды», - деп айтылады хабарламада.

Labo – тіпті, тар парктік аумақтардан өтуге қабілетті, жинақы көлік. Қомақты жүк көтеремділігін (560 кг) ескере отырып, техникаға 50 л сыйымдылығы бар дезинфектор орнатылған, ал бұл бір толтыру көлемімен 5-10 га дейінгі аралықты қамтуға мүмкіндік береді.

Екі статикалық бүріккіш 5 метрге дейінгі қамту еніне ие, ал екі қол бүріккіші автобус аялдамалары немесе көше орындықтарының өңделуін қамтамасыз етуге қабілетті.

Отандық дезинфекциялық машинасын Қазақстанның өңірлерінде бағалап та үлгерді. Қарағанды, Ақмола облыстары мен Алматы қаласының коммуналдық қызметтерімен серіктесу туралы хабарлануда.

Өтініш қалдыру