Жаңа көліктер дефициті: қазанда сатылым 42% өскен

Қазақстан автобизнесі ассоциациясының мәліметінше, қазан айында отандық дилерлер 8 637 жеңіл автомобиль, 1 201 жүк көлігі мен автобус сатқан. Бұл былтырға қарағанда 42% көп. 2020 жылдың он айында нарық 24% өсіп, 73 245 автокөлік сатылған. Бұл былтырғы көрсеткішке жақын.

"Жылдың соңы жаңа көліктердің көп сатылуымен ерекшеленді. Бірақ биыл нарық сұранысты қанағаттандыра алмай жатыр. Өйткені пандемия салдарынан шетелдегі өнеркәсіптердің жұмысы тоқтап, елге келетін көліктердің саны азайған. Импорттаушылар нарықты дұрыс есептемей, жыл соңындағы сұранысқа дайын болмаған. Қазір Қазақстанда құрастырылатын көліктерді сататын дилерлердің саудасы жүріп тұр. Қараша және желтоқсанда көліктер қалай сатылатынын бақылау, жалпы, 2020 жыл Қазақстанның көлік нарығы үшін қалай аяқталатыны қызық болып тұр", – дейді Қазақстан автобизнесі ассоциациясының вице-президенті Анар Макашева.

Қазан айында тағы да Chevrolet көліктері сатылым көрсеткіші бойынша көш басында тұр. Дилерлер 2 077 "СарыарқаАвтоПром" өнеркәсібінің автокөлігін сатқан. Hyundai екінші орында – 1 947 көлік сатылған. 1 723 данасы сатылған Lada көлігі үштікті түйіндеді. 

4. Toyota – 771 көлік сатылған (сатылым былтырмен салыстырғанда 29% төмендеген)

5. Kia – 371 (-9%)

6. Ravon – 358 (-42%)

7. JAC  – 268 (-17%)

8. Renault – 245 (-2%)

9. Volkswagen – 218 (-36%)

10. Nissan – 183 (-35%) 

11. Mitsubishi – 104 (+20%) 

Үш айдан бері жеңіл көліктер арасында Chevrolet Cobalt көбірек сатылып жатыр. Қазан айында 938 автокөлік сатылған. Ал Chevrolet Nexia көлігінің 814 данасы иесін тапқан.