Дилерлік конференция 2023

Дилерлік конференция 2023



2023 жылдың 17 ақпанында Алматы қаласында Қазақстандағы автокөлік нарығының көшбасшысы Chevrolet брендінің ірі дилерлік конференциясы өтті. Айтулы шараға республиканың 17 қаласындағы 27 дилерлік орталықтың өкілдері, барлығы 150-ден аса адам қатысты. Конференция 2022 жылды қорытындылап, 2023 жылдың даму жоспарымен таныстыру мақсатында өткізілді.

 

2022 жылдың қорытындысы бойынша Chevrolet брендінің Қазақстандағы үлесі 27,7%-ға жетіп, нарықта көш бастады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 17,8%-ға көп. Айта кетерлігі, бір жыл көлемінде елде 34 289 жаңа көлік сатылды.

Қазақстандағы автокөлік нарығы жоғары қарқынмен дамып келеді. Экономикадағы, саясаттағы, бизнестегі қиындықтарға қарамастан әр компания қалыптасқан жағдайға тез бейімделіп, өз стратегиясын құра алуы керек.




Конференцияны дистрибуцияның коммерциялық директоры Марк Ножненко ашты. Ол дилерлерге 2022 жылы атқарған жұмысы үшін алғысын жеткізді. Әрі қарай дилерлік желіні дамыту және сараптама департаментінің директоры Дмитрий Липич, маркетинг және клиент сервисі департаментінің директоры Юлия Кронграт, сатылымнан кейінгі қызмет көрсету департаментінің директоры Игорь Шевченко және өзге де құрылымдардың басшылары жеке презентациямен сөз сөйледі.

Конференция жұмысы үш секция бойынша жалғасты, мұнда дилерлер дистрибьютормен бірге маңызды сұрақтар бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ сертификация, сату, маркетинг, сервистік қызмет көрсету және қосалқы бөлшектер бойынша шағын тренингтер өткізілді.


 

Бұдан бөлек дилерлерге жоғары деңгейдегі қызмет беруден бастап Chevrolet брендінің көліктеріне қанағаттанғанға дейін клиентпен сапалы қарым-қатынас орнату бойынша негізгі міндет қойылды. Өз тарапынан дистрибьютор 2023 жылға арналған жаңартылған және жаңа модельдерді іске қосу бойынша жоспарымен бөлісті. Сонымен қатар зауыттағы кепілдік бойынша сатылымнан кейін қызмет ұсыну және көлікке иелік ету кезінде сапалы қызмет көрсету бағытындағы өзгерістерді таныстырып, осы бағыттағы маңызды сұрақтарға жауап берді.

2020 жылдың мамырынан бастап бүгінгі таңға дейін Chevrolet брендінің көліктер саны Қазақстан бойынша 70 мыңнан асты әрі бұл көрсеткіш күн санап өсіп келеді. Мұндай өсімнен-ақ брендке деген сенім мен қызығушылықтың жоғары екенін көруге болады.


 

Елдегі әрбір жаңа ресми дилерлік орталық брендтің стандарттары бойынша көпсатылы сертификация кезеңінен өтеді. Әрі оқыту және біліктілікті арттыруға бағытталған тренингтер арқылы қызметкердің дайындығына баса назар аударылады.

Кездесуге арналған мұндай алаңдар қатысушыларға тәжірибе алмасуға, брендтің болашағына қатысты болжамдарды ортаға салуға мүмкіндік береді.

Конференция соңында дилерлер 2022 жылдың қорытындысына сәйкес түрлі номинация бойынша салтанатты түрде марапатталды.

 

 

Өтініш қалдыру