Chevrolet Cobalt және Damas көліктері тағы да Қазақстан нарығын жаулап алады

Алматы, 2020 жылдың 22 мамыры – Қазақстанның автонарығында Chevrolet Cobalt отандық автокөліктері мен коммерциялық Chevrolet Damas сұранысқа қайта ие бола бастады. Бұл тұста өндірістің Қостанай қаласындағы «СарыаркаАвтоПром» кәсіпорын базасында реттелгендігін атап өту өте маңызды.

«Damas моделінің үлкен сұранысқа ие болуы өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкеннен кейін жеткізу қызметін ҚР облыстары мен ірі қалалары тұрғындарының жартысына жуығы пайдалана бастауымен негіздейміз. Осыған байланысты коммерциялық бағыттағы автомобильдерге қызығушылық артты», - деп атап өтті Chevrolet дилер орталығының директоры Максим Мягчилов.

 

Damas – бұл қуаттылығы 38 л.с, көлемі 0,8 литр қозғалтқышы бар бес есікті коммерциялық автокөлігі. Оның негізіне мінсіз құнттылық пен қызметтілік алынып, ал құрастырылымы кез-келген жол шарттарында үздіксіз жұмыстың ұзақ жылдарына кепілдік береді. Модель екі түрде шығарылады: жолаушылық, мұнда отыратын орын үш қатар орналасқан (2+3+3), және екі орынды жүк автокөлігі, мұнда жүк көтеремділігі 560 кг дейінгі фургон шанағы болады.

 

Сондай-ақ, жақында қазақстанның нарығында отандық өндірістің Chevrolet Cobalt қолжетімді седаны сатыла басталды. Седан әмбебап автокөлік болып табылады. Бұл автокөліктің артықшылықтарының бірі тартымды бағасы және басқару жеңілдігі. Жаңа Cobalt шамалары: ұзындығы - 4449 миллиметр, ені - 1735 миллиметр, биіктігі - 1514 миллиметр, дөңгелек базасымен бірге - 2620 миллиметр. Айрықша қауіпсіздік, кең салоны және ойластырылған экстерьері – осының барлығы аталмыш автокөліктің артықшылықтары.

 

Өзін-өзі оқшаулау тәртібіне қарамастан қолжетімді автокөліктерге сұраныс өзгермеді. Автоконцерндер аталмыш тенденцияны ескереді және сатып алушыларға демократиялық бағасы бар үлгілерді ұсынады. Cobalt бастап жол талғамайтын Trailblazer үлгілеріне дейін брендтің ауқымды үлгі қатарының көп бөлігі Мемлекеттік жеңілдетілген автонесиелендіру бағадрламасының қатысушылары болып табылады, бұл қазақстандықтарға автокөліктердің ең ағымдық құнын ұстай отырып, жылдық 4% (төрт пайызбен) Chevrolet автокөліктерін сатып алуға мүмкіндік береді.