Chevrolet қазақстандық автомобиль нарығының көшбасшысы атанды

Chevrolet қазақстандық автомобиль нарығының көшбасшысы атанды

Chevrolet брендіне қазақстандық автокөлік нарығының сатылым рейтингінде бірінші орынға шығу үшін 6 айдан аз уақыт қажет болды. Қазақстан автобизнес қауымдастығы қазанның қорытындысын жариялады - Chevrolet-тің жалпы сатылымы 2077 автокөлікке жетті. Бренд автокөліктері сатылымға шыққаннан бері 7 737 данасы сатылған. 5667 автомобиль Қазақстанда сатылды, ал 2070 көлік Ресей, Беларусь және Қырғызстанға экспортталды. Ресей Федерациясына экспорттық көрсеткіштер бойынша Chevrolet ең жақсы нәтиже көрсетті, құны 6 412,4 миллион теңге болатын 2017 автокөлік экспорттаған.
Нарықтағы жалпы жағдайға қарамастан, Chevrolet локдауннан кейінгі айларда қарқынды өсті. Өсім катализаторларының бірі қалта қақпайтын автомобильдер сегментіндегі бірқатар ұсыныс болды. Мұнда Chevrolet Cobalt сатылым бойынша көшбасшы атанды.

Ақшасы мен сапасы сәйкес келетін Chevrolet Cobalt-тың қазанда 938 данасы сатылды, осылайша елдің модельдік рейтингінде көш бастады. Сол сегменттегі жоғары нәтижелерді Chevrolet Nexia автомобильдері де көрсетті - мұнда сатылымның артуына жаңа модельдерге алдын-ала тапсырыс қыркүйекте жариялануы, Қостанай конвейерінен бірінші партияның ерте шығуы түрткі болды. Алғашқы автомобильдер келісілген жеткізу мерзімінен 2 ай бұрын, Қазақстан жолдарына қазанның басында жіберілді. 

Chevrolet қол жетімді орташа бағалы автомобильдерге назар аудара отырып, Chevrolet Tracker, жол талғамайтын Chevrolet Trailblazer және Chevrolet Malibu бизнес-седаны сияқты модельдерді Қазақстан жолдарына шығарды. Еске салайық, қыркүйек бойы дилерлер Chevrolet Malibu-ды 2 миллион теңгеге дейін ұсынған болатын.

Құны 7 790 000 теңге болатын Chevrolet Tracker шағын кроссоверінің сатылымы 2020 жылдың қыркүйегіндегі нәтижемен салыстырғанда бір жарым есеге өскенін көрсетті. Сондай-ақ, кроссовер қайталама нарықтағы өтімділікті сақтайды, бір жылға дейін пайдалану кезінде өзіндік құнының 10 пайызын ғана жоғалтады.

Қыркүйекте компания Chevrolet Tahoe жол талғамайтын көліктерінің сатылымы басталғанын хабарлады. Бұл модель қазақстандық жолдарда бұрынырақ пайда болғанына қарамастан, бүгінде оған деген қызығушылық артып келеді.

Нәтижесінде Chevrolet көліктері қазанда бірнеше нарықтық рекорд орнатты:
1. Нарықта болған 6 ай ішінде олар Қазақстан нарығындағы жаңа автомобильдер сатылымында 1-орынға ие болды.

2. Бірнеше ай қатарынан Chevrolet Cobalt моделі ең көп сатылған модельдер рейтингінде көш бастап тұр.

3. Chevrolet Nexia моделі жаңа қазақстандық автомобильдер арасында ең қолжетімді бағаны бекітті;

4. Chevrolet 2020 жылы Ресейде автомобильдер экспорты бойынша рейтингінің көшін бастады.

Мұндай көрсеткіштер нарықтағы сенімді жағдайды көрсетеді, компания ай сайын дилерлік желіні кеңейтіп жатыр. Қазірдің өзінде дилерлік орталықтар Қазақстанның барлық ірі қаласында бар. Автокөліктерге кепілдік және кепілден кейінгі қызмет көрсету үшін сервистік база қалыптасып жатыр. Автокөлікті дилерлік желіге жібермес бұрын, сапасы қатаң тексерістен өтеді. Сапаны тексеру өндірістің барлық кезеңінде қарастырылған. Алынған машиналар жиынтығының кіріс бақылауы, процесстегі жедел бақылау, регламентте көзделген барлық сынақтан кейін қорытынды тексеріс бар. Сонымен қатар, қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу үшін Қостанай қаласындағы зауытқа жүйелі түрде баратын GM мамандары бүкіл өндірістік процесті және дайын өнімнің өзін тексереді.

 

Өтініш қалдыру