НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Damas – қуаты 38 л.с. болатын 0,8 литр қозғалтқышы бар бес есікті  коммерциялық автомобиль.

Негіз ретінде өзгермейтін қолайлылық пен функционалдылық алынған, ал конструкциясы кез келген жол жағдайында ұзақ жылдар бойы тоқтаусыз жұмыс істеуге кепілдік береді. Автомобиль екі түрде шығарылады: отыратын орындықтар үш қатар орналасқан (2+3+2) жолаушыларға арналған және жүк көтергіштігі 560 кг құрайтын фургон шанағы бар екі орынды жүк таситын автокөлік. Жетек артқы дөңгелектерде. Ең жоғары жылдамдығы 100 км/сағ. 90 км/с. кезінде мәлімделген отын шығыны 7,8 л/100км. Автомобиль коммерциялық немесе отбасылық қажеттіліктерге арналған. Қала кеңістігінде, тіпті ең тар көшелерде оңай жүре  алатын бұдан ыңғайлы, үнемді және қуатты автокөлікті табу қиын. Автомобиль көлемінінің арқасында жиі тоқтап, тауарды тиеп-түсіру жұмыстары ешқандай қиындық туғызбайды.

Өзіңізге қажетті түсті таңдаңыз

* Өзіңіздің дилеріңізден қандай түстердің барын нақтылаңыз

От 3 299 000₸

Доступно по программе льготного кредитования

img-car

Экстерьер

Damas көлемі 3845х1400х1920 миллиметр, базасы – 1840 миллиметр. Шанақ көлемді тауарларды тиеу үшін жеткілікті жоғары. Тауарды бүйір есігінен, сонымен қатар жүк салатын бөлігінен де тиеуге болады. VAN жинақтамасындағы  автомобильдің жүк көтергіштігі 450 килограммға дейінгі тауарларды тасымалдауға мүмкіндік береді, ал DELUX жинақтамасына 7 жолаушыға дейін сыяды.

Көлбеу бұрышы шағын алдыңғы тіреулер автокөліктің алдыңғы бөлігіне сүйір  және тегіс көрініс береді. Үлкен фараларының пішіні сопақ, автомобильдің келбетін бамперде орнатылған бұрылыс сигналдары да айқындай түседі.

 

Интерьер

Damas интерьері матамен қапталып, безендірілген. Жолаушылар мен жүргізушіге жеке пештер орнатылған.

Орындықтардың екінші қатары жиналады, ал үшінші қатарын көлемді тауарды тиеу қажет болса, алып тастауға болады.

Орындықтардың астында жеке заттарды қою үшін көп орын бар. Консоль жоқ, панельде оның орнында автомагнитола, желдету мен жылытуды реттегіштер орналасқан.