Жүк салатын бөлігі
До 563 л.
Жүк салатын бөлігінің көлемі
Сыйымдылығы
5
Кең салон
Жаңартылған
Ойын-сауық жүйесі
Трансмиссия
5 МКПП / 6 АКПП
Сипаттамалары туралы толығырақ
Қауіпсіздік
2
Қауіпсіздік көпшігі

НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Cobalt – күнделікті жол жүру, сонымен қатар бүкіл отбасымен алыс жерлерге саяхаттау үшін жобаланған. Кең жайлы салон бес адамға дейін отыруға мүмкіндік береді және жүксалғышы көлемді. Осының барлығы кез келген отбасылық саяхатты жағымды әрі қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Cobalt-те Сізді жолдағы қауіптен қорғайтын заманауи қауіпсіздік жүйесі қарастырылған. Ол жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздік көпшіктері жүйесінен, бұғатталуға қарсы жүйеден, Isofix балалар креслосын бекітуден тұрады, шанақ конструкциясына бағдарламаланған өзгеру элементтері енгізілген. Біз Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын қарастырдық. Cobalt – бұл GM корпорациясының бразилиялық бөлімшесінің дизайнерлері автокөліктерді дайындаудың стандартты процестерін пайдалана отырып әзірлеген отбасылық седан. Түбегейлі жаңа Cobalt-ты жаһандық GM командасы өз сегментінде әлемдік эталонға айналу және дамып келе жатқан нарықтарда сату жағынан көшбасшы болу үшін құрастырды. Chevrolet Cobalt-та жайлылық, сәнділік пен  жоғары динамикалық сапа, сондай-ақ ескірмейтін дәстүрлі классикалық дизайн үйлесімділік тапқан. Автомобиль экономикасы дамып келе жатқан елдерге арналған және бұл автомобильдің өзіне тән негізгі белгілері автокөліктің кең салоны және оның ақылға қонымды бағасы мен отынды аз тұтынуы болып табылады. Бұл модель соңына дейін ойластырылған және онда қол жетімділік, сыйымдылық және басқару динамикалығы тамаша үйлесім тапқан. 

Өзіңізге қажетті түсті таңдаңыз

* Өзіңіздің дилеріңізден қандай түстердің барын нақтылаңыз

От 3 990 000 ₸

Доступно по программе льготного кредитования

img-car

Экстерьер

Cobalt-тың өзіндік ерекшелігі оның дизайнында. Шанақтың жоғары көтерілген бүйір жиегі автомобильге сырттай екпіндік пен кербездік бере отырып, оны «айналдыра қоршаған», ал айқын көрінетін дөңгелек аркалары автокөліктің келбетін атлетикалық және «жинақы» көрсетеді. Бұл ретте Кобальттың сырттай қарағанда біртұтас ықшам шанағы жылдар өткеннен кейін де өзінің маңыздылығын жоғалтпайды.

 

 

Фаралары

Хромдалған жиектемемен безендірілген, қара түсті бұрылыс сигналдарымен жинақталған негізгі жарық беретін үлкен фаралар және тұманға қарсы галоген фаралары автомобильдің келбетімен жақсы үйлесіп қана қоймай, өз қызметін нақты орындайды. Осының арқасында тіпті ең қараңғы және тұманды уақытта да жол жақсы көрінеді.

 

Клиренс

Жаңа Cobalt иелері бағалайтын маңызды артықшылығы 160 мм жоғары клиренс болып табылады. Қысқа алдыңғы және артқы көтеріңкі бөлігімен бірге бұл автомобильді мінсіз седан ретінде жолда пайдалануға мүмкіндік береді. Осындай көрсеткіштермен оған қаладағы биік емес жиектастар мен саяжайға баратын сүрлеу жолдар да қорқынышты емес.

Интерьер

Ішкі кеңістік туралы айтатын болса, ең бірінші оның кеңдігіне көңіл аудару қажет.  Cobalt рөліне тіпті ересек жүргізуші жайғасып, артқы диванға үш ересек адам жайлы отыра алады. Жүргізушінің орны кілт бұрылыстарда берік ұстап тұратын және алыс қашықтықтағы аралықтарды еш қиындықсыз еңсеруге мүмкіндік беретін орындықпен жабдықталған. Орындықтың реттемелер саны және биіктігі бойынша өзгеретін руль бағаны өзіне қолайлы жағдайды тез таңдауға көмектеседі.

Аспаптар панелі

Cobalt ішіне отырған кезде Сіздің ең бірінші көретініңіз бұл мотоцикл стилінде жасалған аспаптар панелі. Оның орта бөлігінде жағымды ашық-көгілдір жарық беретін аудиожүйе блогы орналасқан. CD/mp3-ойнатқышты қосу мүмкіндігімен қатар, телефон немесе басқа да шағын құрылғыларды қоюға болатын ыңғайлы екі деңгейлі жәшік қарастырылған. Жаңа Cobalt тамаша дизайны мен оның интерьеріндегі қарапайымдылық шынайы үйлесім тапқан.

 

Жүксалғыш

Жексенбілік жеңіл шоппинг немесе үлкен шабадандармен әуежайға бару ма? Cobalt, егер артқы отырғыштарды жинайтын болса, осы және басқа да көптеген міндеттерді орындайды. Сонымен қатар, мұнда – жүксалғышта және алдыңғы жолаушы креслосының астында сақтауға арналған кеңістік көп. Жүкті тасымалдау үшін өз класындағы ең үлкен жүк салатын бөлік қарастырылған. Оның көлемі рекордтық 545 литрді құрайды. Ал, егер едәуір үлкен немесе ұзын жүктерді тасымалдау қажет болса, онда жүксалғыштың көлемін артқы диванның 40:60 мөлшерде шалқаятын арқалығының есебінен үлкейтуге болады. Жүк салатын  бөлігінің мұндай конструкциясы көбірек жүк тиеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, артындағы бір немесе екі жолаушы орнын сақтайды.

 

Жүргізушіге арналған орын

Жүргізушінің орындығы барынша ыңғайлы жол жүру үшін биіктігі бойынша реттеледі. Ал, орталық консольдің ойластырылған дизайнының арқасында     барлық тұтқалар мен батырмаларды пайдалану өте ыңғайлы. Сондықтан жайланып отырып, ішінің қандай кең екенін сезініңіз.